Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

Жарма ауданында тұрғындарды 100 пайыз ауызсумен қамту көзделеді

28-07-2023, 17:45 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданында таза ауызсумен қамтамасыз етілген тұрғындар саны 34 800 адамды немесе аудан халқының 98,5 пайызын құрайды. Көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін бірқатар жүйелі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Биыл «Даму» қоры есебінен Сұлусары ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда мердігер компания 91 үйдің ауласына құбырды жеткізді, жақын арада 5 үйге су тартылады.

Сонымен қатар, Үшбиік, Қалбатау ауылында, Жаңғызтөбе кентінде су құбыры желілерін қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. 

Осы жылы аудан бюджеті есебінен Үшбиік ауылында ұңғыма орнатылып, ауыз су берілді. Сондай-ақ, Қаражал ауылында су мұнарасы ауыстырылып жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив