Абай облысының әкімі Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездесті
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданындағы есеп беру кездесуінде өңір тұрғындарына биылғы жарты жылдықта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап, ағымдағы жылы қандай жұмыстар жоспарланғанын атап өтті.
Биылғы жартыжылдықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген облыста Бесқарағай ауданының үлесі де бар. Ауданда тау-кен өнеркәсібі саласында «ГРК Электрум», «Семей Орда», «Қазникель, өңдеу өнеркәсібінде «Лесресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс жасайды.
Ауданның жағажай және емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы әлеуеті зор. Шипалы «Шошқалы» көлінен басқа, «Святой ключ» орны, «Елімай» демалыс базасы, «Жас қанат», «Радуга» балаларды сауықтыру лагерлері орналасқан. Сондықтан бұл жерде туризм және сауықтыру бағытында жүйелі жұмыстар қажет.
Облыста оқушы орынының тапшылығы мәселесі бар. Орын тапшылығын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5700 орындық 11 мектеп салу және 2100 орындық 6 мектепке қосымша құрылыс жүргізу арқылы шешу жоспарланған.
Былтыр 1700 орынға арналған 4 мектеп пайдалануға берілген. Оның қатарында Бесқарағай ауданының Жыланды ауылындағы мектеп те бар.
Аудандағы кейбір білім беру мекемелерін салу, жөндеу жұмыстарын жүргізу, модификацияланған кабинеттерді сатып алуға бағытталған шаралар облысты дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарына енгізілген.
Кездесуден кейін облыс басшысы Бесқарай ауданының тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, сұрақтарына жауап берді.