Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
450.79 482.21 5.05

Абай облысында танкистер құрамасының взводтары жаттығуда

2-08-2023, 11:48 Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, Аягөз гарнизонының Майлин полигонында танк әскери бөлімі взводтарының жауынгерлік оқ ату даярлығы өтуде.

Жаттығуда жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі мен өзара үйлесімділігі тексерілетін болады. Әскери қызметшілердің штаттық қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы шебер әрі тиімді пайдаланудағы далалық дағдысы пысықталады. Бұдан өзге командирлер ұрысты жүргізу және ұйымдастыру кезінде взводтарды басқару тәжірибесін шыңдап, жауынгерлік тәртіп пен атыс жүйесін қалыптастыру машығын жетілдіреді.

- Взводтардың жауынгерлік атыс даярлығында жеке құрам штаттық жауынгерлік техникаларда практикалық атыс пен тактикалық дайындық нормативтерін орындады. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы жоғары, сынақтардан сүрінбей өтетінімізге сенімдімін, – деді  3-ші мотоатқыштар взводының командирі аға лейтенант Досбол Бектан.

Аталмыш оқу-жаттығу жеке құрамның теориялық білімдерінің нығаюына, жас жауынгерлердің тәжірибе алмасуына оң ықпал ететінін айта кету керек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив