Абайдың ұстазының бейіті Семей қаласындағы ескі мұсылмандар зиратынан табылды

Абайдың ұстазы Риза-ат-дин ибн Уәлидтің бейіті Семей қаласындағы ескі мұсылмандар зиратынан табылды
Тарихшы Мадияр Насыровтың айтуынша, «Ахмет және Риза бөлек адамдар болып шықты», - дейді.
Ежелгі мұсылман зираты Ертіс өзенінің оң жағалауында татар өлкесі мен Шығыс кентінің арасында орналасқан. Оның аумағы 170 мың шаршы метрді құрайды.
«Шамамен бір жыл бұрын біз татар зиратының аумағында зерттеу жұмыстарын бастауды ұйғардық. Зерттеу барысында Семей тек тарихи орталық қана емес, діни орталық екені белгілі болды. 30-ға жуық діни қайраткерлердің бейіті табылды. Олардың ішінде Абайдың ұстазы Риза-ат-дин ибн Уәлидте болды», – дейді Мадияр Насыров.
Тарихшының айтуынша, Ахмет пен Риза екі түрлі адамдар болып шыққан. Риза 1876 жылы қайтыс болса, Ахмет, кейбір деректер бойынша 1879 жылы қайтыс болған.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі2023 жылғы жалпы егіс алқаптарының көлемі 23,4 млн гектарды құрайдыБүгін ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына - 130 жыл