Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Қарулы күштер әскери полиция органдарының айырым белгілері бекітіледі

15-08-2023, 15:45 Думан Кенжеғазыұлы

Әскери полиция бас басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт оны 2023 жылғы 14 наурыздағы «Әскери полиция органдары туралы» Заңға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Құжат ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының айырым белгілерін тағу тәртібін айқындайды, оларға шеврон, дербестендірілген және әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің төсбелгілері жатады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14667588

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив