Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Сарбаздар «Елімайға» қолдау танытты

16-08-2023, 12:20 018.kz

Абай гарнизонының 36803 әскери бөлімінің сарбаздары семейлік командаға жанкүйер болды. Мерзімді әскери қызметшілер өз алаңында түркістандық «Тұранды» қабылдаған «Елімай» командасына барынша қолдау танытты. Сарбаздар стадионға ту ұстап, барабан ойнап кірген сәттен бастап футболға жиналған жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Жергілікті командаға әр минут сайын қолдау танытқан жанкүлер үранына барабанмен сүйемелдеп, ойыншылар рухын көтерді. Нәтижесінде, «Елімай» командасы басым түсті. 

- Қызу тартысқа толы өткен спорт додасына көзайым еткен ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Ойын өте тартысты өтті. Көз алдымызда отандық футболдың өркен жайғанын көріп, бір марқайып қалдық, Мен Ақтөбе қаласынан әскерге шақырылғанмын. Біздің өңірдің жұрты да  футбол десе  делебесі қозады.  «Елімай»  деп елеңдер ел көп болсын,-  дейді 36803 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Азамат Абуов.
- Ағымдағы жылы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан футбол федерациясы арасындағы меморандумға қол қойылған болатын.  Меморандум аясында әскери бөлім сарбаздары спорттық шараға қатысып отыр. Менің ойымша, меморандум әскери қызметшілер арасындағы бұқаралық спорттың дамуына орасан зор мүмкіндік береді, - дейді 36803 әскери бөлімінің 3 зымыран дивизион командирінің тәрбие және иделогиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Ермек Рахметов.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив