Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Жарма технология колледжін түбегейлі өзгерістер күтіп тұр

17-08-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлініп жатыр

Әлеуметтік серіктестік негізінде оқу орнын жабдықтау шаралары жүргізілді. Бұл бастама инфрақұрылымды жақсартып, техникалық жүйелерді жаңартуға басымдық береді. 

Жобаның маңызды бөлігі білім ордасының негізгі ғимараты мен жатақханадағы жылу желілерін, су құбырларын ауыстыруды көздейді. Жылу магистралінің құрылысына облыстық бюджеттен 13 миллион теңге қаржы бөлінді. Жөндеуді «Памир-ОМ» ЖШС мердігер ұйымы жүргізіп, бүгінде құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды.  

Оқу ғимараты мен шеберхананы жылумен және сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 23 миллион теңге бөлініп, мердігер «KUMIS GROP» компаниясы бұл жұмыстарды 25 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Колледж директоры Берік Омаровтың айтуынша, жатақхананы жаңарту, оның ішінде сырлау, терезелерді ауыстыру, жуынатын бөлмелерді жөндеу жұмыстары да жасалып жатыр. Соның нәтижесінде студенттерге қолайлы жағдай жасалынатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив