Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Көкпекті ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

18-08-2023, 08:49 Думан Кенжеғазыұлы

Ауданда 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі таңда елді мекенішілік жолдарды орташа жөндеу және көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. Атап айтқанда, Көкпекті, Үлкенбөкен, Преображенка ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ауданда көшелерді жарықтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні Үлкенбөкен ауылында 110 көшеге жарықтандыру бағаналары орнатылды, 4 көшеге электр сымдары тартылды. Преображенка ауылындағы 47 көшеге жарықтандыру бағаналары орнатылды. Бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, Преображенка ауылындағы Тәуелсіздік, Предгорная, Гагарина, Заречная көшелерінің бойына жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Көкпекті ауылында 19 көше бойына 269 баған орнату жұмыстары сәтті аяқталды.

Барлық жобалар ауылдың инфрақұрылымын көтеріп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив