Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Жармада баскетболдан аудан әкімінің жүлдесіне арналған жарыс өтті

21-08-2023, 18:04 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданындағы Маяковский атындағы орта мектепте Спорт күніне орай, аудан әкімінің жүлдесіне арналған XV Халықтық спорт ойындары аясында баскетболдан жарыс өтті.

Айтулы спорттық шарада 9 команда өзара сынға түсіп, мықтыларды анықтады.

Спорттық жарыстарды ұйымдастырудағы негізгі мақсат- жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау. 

Ойын барысы қызықты әрі тартысты болды. Қызу бәсеке барысында командалар жақсы тактика қолданып ойнады. 

Жарыс нәтижесі бойынша Қарасу ауылдық округінің құрама командасы І орынды жеңіп алса, Ақжал ауылдық округінің командасы ІІ орынды, Қалбатау ауылдық округінің құрама командасы ІІІ орынды иеленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив