Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысында алғаш рет өңірлік Азаматтық форум өтуде

23-08-2023, 12:53 Думан Кенжеғазыұлы

Форумның пленарлық отырысына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, еріктілер мен қоғам белсенділері өзекті мәселелерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлін талқылады. Сондай-ақ, бүгін өңірдегі үздік Үкіметтік емес ұйымдар марапатталды.

Азаматтық қоғамның маңыздылығын Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков өзінің құттықтау сөзінде атап өтті. 

- Азаматтық форум – белсенді азаматтардың, сарапшылардың, қоғамдық пікір көшбасшылары мен әр сала өкілдерінің бір ортаға тоғысып, қоғамдық мәселелердің жауабын іздейтін алаңы. Бүгін білім, пікір, тәжірибе алмасу арқылы өзекті мәселелердің шешімін табатынымызға сенімдімін, - деді Шалқар Байбеков.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет азаматтық қоғам мен  қоғамдық-саяси саладағы азаматтық институтты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

- Парламент Сенатында қоғамдық мониторингтеудің қосымша құралы ретінде азаматтық қоғамның барлық функцияларын егжей-тегжейлі көрсететін «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заң қарастырылуда. Осы заң шеңберінде барлық мемлекеттік органдарда ресми онлайн-петициялар институты іске қосылады. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу жұмыстары оңай болмақ, - деді комитет төрағасы.

Волонтерлік қозғалыс жетекшісі Павел Евгения жоғалған адамдарды іздеудегі тұрақты жұмысы туралы айтса, аутизм спектрінің аурулары бар ерекше балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен «Ерекше әлем» қоғамдық қорының басшысы Арайлым Әлімжанова бөлісті.

Жиын соңында облыстағы Үкіметтік емес ұйымдар «Құқық қорғау саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым», «Волонтерлік қызмет саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым», «Зерттеу қызметі саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым» және тағы да басқа номинациялармен және облыс әкімінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ, азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хатымен «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Людмила Асташкина, үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының вице-президенті Николай Исаев және басқа да көрнекті қоғам қайраткерлері марапатталды.

Форум азаматтық қоғамды дамытудың және мемлекеттің, әлеуметтік кәсіпкерлер мен БАҚ-тың өзара іс-қимылының өзекті тақырыптарына арналған диалог алаңдары аясында жалғасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив