Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
448.44 514.81 5.33

Көкпекті ауданында ауызсумен қамтылған ауылдардың саны артады

24-08-2023, 13:14 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі күні Көкпекті ауданында Көкпекті, Теректі, Тассай, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Ажа, Көкжайық ауылдары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Көкпекті ауданында: ұзындығы 10 290 м. – Биғаш, 13 739 м. – Шұғылбай, 7 472 м. – Шәріптоғай, 8 002 м. – Мамай, 6 407 м. – Қарамойыл ауылында «Life Story Invest» ЖШС мердігер ұйымы су құбырының тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек аудандағы Ақой, Ажа, Толағай, Үкіліқыз ауылында су құбыры желілерін тартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Анықтама үшін: Көкпекті ауданында 17 ауылдық округ және 56 елді мекен бар. Онда 27 мыңнан астам адам тұрады. Оның ішінде 35 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив