Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласын абаттандыруға танымал ландшафт сәулетшісі шақырылды

25-08-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістікті жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес биыл қазан айында аяқталады.

Роман Шнайдерман – әйгілі ландшафт сәулетшісі. Ол Алматыдағы Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын, Астанадағы ботаникалық бақты, сондай-ақ Түркістанның жаңартылған орталығын абаттандыруды жүзеге асырған. Сондай-ақ ол – Семей қаласындағы Жамақаев пен Мәңгілік ел көшесіндегі қоғамдық кеңістік дизайнының да авторы.

Сәулетшінің айтуынша, Семейдегі Жамақаев көшесіндегі кеңістік қала орталығын жағалаумен байланыстыратын күрежолға айналады. Бұл жоба қалада жаяу адамдардың барлық қажетіне ыңғайлы болады.
Жобада жаяуларға арналған ыңғайлы көше, ойын және спорт алаңдары, велосипед жолақтары, қоғамдық тамақтану орындары, сәулетті шамдар, автоматты суару жүйесі қарастырылған. Мұнда қала тұрғындарының қолайлы демалысы үшін арнайы орындар салынады.

Көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қоғамдық кеңістікке әдемі көрініс беру үшін көпжылдық гүлдер егу жоспарланған.

Аталған жоба – Семей қаласының экологиясын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан тағы бір маңызды қадам. Қазір қалада оннан астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив