Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған игі іс

28-08-2023, 10:16 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды

Дағдарыс орталығының мақсаты – зорлық-зомбылық құрбандары үшін қауіпсіз кеңістік құру. Психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Орталық медициналық, психологиялық, психопрофилактикалық және құқықтық қызметтер аясында қолдау көрсетеді. Дағдарыс орталығында алты айға дейін уақытша тұруға болады. Осы уақыт ішінде зардап шеккен жандарға толықтай оңалуға, оның ішінде құжаттарын қалпына келтіріп, білім алуға, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

Бүгінгі таңда дағдарыстың материалдық базасы толығымен жаңартылған. Стандартқа сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін қызмет алушылардың бөлмелері жиһазбен жабдықталған. Балаларға арналған үстел, орындық, балалар төсегі, арба бар. Асханада 4 рет ыстық тамақ беріледі. Арнайы тұрмыстық қызметтерді қолдану үшін кір жуатын машина, су жылытқыш пен душ кабиналары орнатылған.

Қызмет алушылардың жайлы уақыт өткізуі үшін теледидар, жұмсақ жиһаз орнатылған демалыс бөлмелері қарастырылған. Балаларға арналған ойын бөлмесі, ойыншық, басқатырғыш, үстел ойыны және балалардың психологиясын оңалтуға арналған қызметтер бар.

Орталықта бейнебақылау, өрт дабылы және жарықтандыру жүйелері орнатылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив