Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Абайлық ақын-жазушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына тіркелді

29-08-2023, 09:41 Думан Кенжеғазыұлы

Халықтың мұң-мұқтажын өлең-жырға қосып жүрген ақындар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын қолдады.

Халық қалаулылары жоба аясында жастарға адалдық пен әділдік, турашылдық сияқты адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін болады.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменті өткізген Қазақстан жазушылар одағы филиалының өкілдерімен кездесу барысында айтылды.

«Қаламгерлер қашанда халық пен билік арасындағы дәнекер болған. Антикор іске асырып жатқан игі бастаманы біз де қолдап, халық арасында барынша дәріптеуге дайынбыз. Одан бөлек, алдағы уақытта адалдық сағаттары, дәріс сияқты түрлі іс-шараларға қатысып, оқушылар мен студенттер арасында жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз. Тәрбие тал бесіктен басталады демекші, өскелең ұрпаққа адал еңбектің наны да адал екенін жеткізу өте маңызды» - деді облыстық филиал төрағасы Мерей Қарт.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив