Дмитриевка ауылында жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылында ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын Гагарин және Мира көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«ӨскеменСпецКоммунтранс» ЖШС мердігер ұйымы жолды тегістеу, арматура мен жабынның негізгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізді. Барлық жұмыстар 2023 жылдың тамыз айында аяқталды.
Сондай-ақ, ауылда «ВостокЛесИндустрия» ЖШС бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 20*40 көлеміндегі шағын футбол алаңы орнатылды.
Анықтама үшін: Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылы 1159 адам тұратын Дмитриевка ауылдық округінің орталығы болып табылады. Ауыл арқылы республикалық маңызы бар «РФ шекарасы - Семей» тас жолы өтетіндіктен, оның стратегиялық маңызы зор. Дмитриевка ауылдық округі дамыған инфрақұрылымдық кешенге ие, онда орталық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жұмыс істейді.