Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.63 547.69 6.36

Аягөз ауданында автожолдарды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

5-09-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданына қарасты Қарағаш ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ұзындығы 1,9 шақырымды құрайтын ішкі жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылыс үшін «Зайсан Дорстрой» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда жұмыстың 90 % аяқталды. Мердігердің айтуынша, жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, биыл Қарағаш елді мекенінің кіреберіс жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталады.

Анықтама үшін: Қарағаш ауылдық округі аудан орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан. Елді мекендегі тұрғындар саны 786 адам. Аягөз ауданындағы жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 410,8 шақырымды құрайды. Оның ішінде Аягөз қаласындағы жолдардың ұзындығы 108 шақырым.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив