Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде облыстық «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өтті

6-09-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Семей қаласында «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өтті.

Фестиваль аясында қолөнершілер көрмесі, әлем тілдеріне қатысты QUIZ, мақал-мәтел мен жаңылтпаштар сайысы, ұлттық және өзге ұлт өкілдерінің спорттық ойындары ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Назира Идрисова құттықтау сөз сөйлеп, тіл саясатын дамытуға қосқан үлестері үшін бірқатар тіл жанашырларын марапаттады. 

Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хаты Бесқарағай ауданы Нұрлыбек Баймұратов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміАльфиса Шамсутдиноваға, Бородулиха ауданы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміӘсел Ықыласоваға, ҒжЖБ министрлігі Тіл саясаты комитетінің алғыс хаты Пәкістан Республикасының азаматы, Шәкәрім университеті филология факультетінің  2 курс студенті Усма Шахид Мухаммадқа, Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманыАйгерім Байжұмановаға, Абай облысы әкімінің алғы хаты Жарма ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманыКульмайра Махановаға,Жарма ауданы Н. Крупской атындағы орта мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеушіКарлығаш Корпебаеваға, Шәкәрім университетінің Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі Алексей Кливенкоға, Басқарма басшысының м.а. алғыс хаты Бесқарағай ауданы Рысқұлбеков атындағы жалпы білім беретін орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Толқын Жұмашеваға, Семей қалалық мәдениет сарайының қызметкері Айбек Жалеловке, Журналистика саласында 40 жыл қызмет атқарған «Тарбағатай ауданының құрметті азаматы», Ақсуат ауданынан келген Мейрам Ораловқа табыс етілді.

Мерекелік кеш елге белгілі қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «Алатау серілерінің» өнер көрсетуімен жалғасын тапты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив