Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

«Шығыс 2023» оқу-жаттығуы мәресіне жетті

7-09-2023, 10:49 018.kz

Абай гарнизоны әскери бөлімдері 2023 жылдың 25 тамызымен 5 қыркүйек аралығында «Шығыс» түраралық полигонында «Шығыс-2023» жедел командалық-штабтық оқу-жаттығуы сәтті аяқтады. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Талғат Қойбақовтың қатысуымен өткен іс-шара мақсаты әскерлердің жауынгерлік әзірлігін және белгіленген мерзімде олардың тапсырмаларды орындау қабілеттіліктерін тексеру болып табылды. Еске салайық, бұл оқу-жаттығу төрт облыс аумағында бір мезгілде өтуде. Оған бес мыңға жуық әскери қызметші және бір жарым мың бірлік қару-жарақ пен әскери техника қатысуда.

- Бұдай оқу-жаттығудың маңызы бөлек. Сан түрлі қорғаныс және шабуылдау бағытындағы жаттығулар орындалды. Қауіпсіздік шараларының бұзылуы орын алған жоқ. Шара соңында ауқымды жаттығуға қатысқан әскери қызметшілерге құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Қойбақов мадақтама қағаздары мен естелік сыйлықтар табыстады, - дейді құрлық әскерлерлерінің бас штабының жедел басқармасының бастығы полковник Нұрлыхан Темірбеков.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив