Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Семейде 38 көпқабатты үйдің қасбеті жаңартылды

8-09-2023, 09:44 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылы Семей қаласының әртүрлі 41 көпқабатты үйдің қасбеттері күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл жұмыстарға 4 мердігер ұйым жұмылдырылды. Қазіргі таңда 38 көпқабатты үйдің қасбеттері жөнделді, қалған 3 үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

“Жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз шкатурканы қырып, орнына бірнеше қабатты сылақ және бояу жағылады. 2022 жылы 16 үйдің қасбеті жөнделді. Ал биыл 2,5 есеге үйлердің санын ұлғайттық. Осылайша біз жыл сайын ескі үйлердің сыртын кезең кезеңімен жаңартамыз”,- деді тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, мердігер ұйымдардың басшыларына түстердің ұзақ сақталуын қатаң тапсырған болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив