Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Абай облысының үздік жанұясы - ұлттық байқаудың жүлдегері

11-09-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысынан конкурсқа 100-ге жуық отбасы қатысуға өтінім берді.

Астанада Отбасы күні қарсаңында биыл 10-ші рет өткізілген «Мерейлі отбасы» конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар қатарында Абай облысы Аягөз қаласынан Досумбаевтар отбасы да бар.

Өнегелі отбасының отағасы – Қайратбек Досумбаев - Ішкі істер органдарының ардагері. Жұбайы Зухрамен бірге олар төрт бала тәрбиеледі. Барлық балалар әке жолын қуып, ішкі істер саласында қызмет етеді.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева қатысты.

Министр жеңімпаздарға Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатын оқыды. Марапаттау рәсімі қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив