Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

МҚІА төрағасы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді

11-09-2023, 17:14 Жұлдызай Кәкімова

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында МҚІА төрағасы мемлекеттік қызметті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар алдағы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу жайын талқылады. Қоғамдық кеңес мүшелеріне ПЖКР-ге іріктеуге қатысушыларға кеңес беріп, тәулік бойы техникалық қолдау көрсететін ПЖКР Ситуациялық орталығы таныстырылды. Дархан Жазықбаев ПЖКР-дің талантты жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартудың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері ПЖКР-ге кезекті іріктеудің негізгі ерекшеліктері және ережелерімен танысты.

Сондай-ақ, Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметке «кіруді» және одан «шығуды» жеңілдету,  мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Бибігүл Агибаева кеңес қызметі жайлы жұртшылықты ақпараттандыру үшін Facebook әлеуметтік желісінде Қоғамдық кеңестің ресми парақшасының ашылғаны туралы айтты. Ол мұның халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін тиімді алаң екендігін атап өтіп, Кеңес мүшелерін Агенттікпен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға шақырды.

Дархан Жазықбаев Қоғамдық кеңестің ерекше рөліне, әсіресе мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысты қызметінің маңыздылыңына тоқталып, әрі қарай да тығыз байланыста жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив