Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қайрат Тастекеев Қазақстан киноиндустриясының даму проблемаларына алаңдаушылық білдірді

14-09-2023, 14:47 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатор Қайрат Тастеев еліміздің Премьер-Министрінің атына Қазақстан киноиндустриясын дамытудың маңыздылығы туралы депутаттық сауал жолдады. 

Депутат қоғамдағы мәдени және зияткерлік ортаны қалыптастыруда киноиндустрияның маңызды рөл атқаратыны туралы атап өтті. Фильмдер мен телехикаялар ойын-сауық көзі ғана емес, сонымен қатар құндылықтарды, идеялар мен білімді насихаттау құралы болып табылады.

Сенатор осыған байланысты отандық кино саласы мамандарының алдында тұрған мәселелерді жедел шешуге шақырды. Теледидар бюджетінің едәуір бөлігі шетелдік телехикаяларды сатып алуға және аударуға жұмсалады, бұл өз өнімімізді жасауға арналған ресурстың аздаған бөлігін ғана қалдырып келеді.

«Кино өндірісін қаржыландыруға тоқталсақ. Егер Қазақстанда әр түрлі бағалаулар бойынша серия үшін төлем 6 мыңнан 30 мың АҚШ долларына дейін болса, онда Ресейде серия үшін 200 мыңнан 400 мың АҚШ долларына дейін жұмсалады. Шетелдік телехикаяларға тыйым салу және өз өндірісіміздің кинофильмдерін дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибе де алуан түрлі», - деді Қайрат Тастекеев.

Сенатор Министрлер Кабинетінің басшысына осы мәселелерді шешу жолдарын ұсынып отыр. Шетелдік өнімдермен бәсекеге қабілетті жоғары сапалы ұлттық фильмдер жасау үшін қазақстандық кинематографистер мен продюсерлерге қаржылық қолдау және салықтық жеңілдіктер беру керек. Кино және теледидар саласында білім беру бағдарламалары болуы тиіс, сондай-ақ теледидардағы шетелдік үлес көлемін реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеу қажет екені даусыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив