Семейде көпбалалы 20 отбасыға тұрғын үй кілттері табысталды
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік тұрғын үй қорында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 20 отбасына Ұшақтар кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады. Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.
«Бүгін 20 отбасыға Ұшақтар кентіндегі Архат көшесіндегі үйлерден баспаналы болды. Маусым айында 37 отбасы өз қоныс тойын тойлаған болатын. Баспана иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!»- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін Комсомол кентінен тағы 32 көп балалы отбасы баспаналы болмақ.
Сондай-ақ, Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген. Осыған орай, Қарағайлы ықшам ауданында бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 200-ге жуық әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылар тойлайды. Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі жалғасатын болады.