Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында табиғатты жосықсыз пайдаланушылардан мемлекет кірісіне 100 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді

20-09-2023, 15:24 Жұлдызай Кәкімова

Абай облысының прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша табиғат пайдаланушылар мемлекетке 100 млн. теңгеден астам сомаға залал өтеді.

Прокуратураның талдау нәтижелері бойынша жекелеген табиғат пайдаланушылардың рұқсат құжаттарынсыз немесе белгіленген лимиттерден тыс ластаушы заттарды шығару фактілері анықталды.

Жүргізілген есептеулердің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылардың әрекеттерінен қоршаған ортаға келтірілген залал 100 млн. теңгеден асты, олар прокуратура актісі бойынша мемлекет кірісіне өтелді.

Бұдан басқа, барлық табиғат пайдаланушылар қалдықтарды түгендеу және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау бойынша міндетті есептерді ұсыну бойынша талаптарды сақтамайды.

Осыған байланысты 58 табиғат пайдаланушыға 15 млн.теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді.

     

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив