Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Қырғыз елінің әскери делегациясы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қызметімен танысты

20-09-2023, 17:21 Жұлдызай Кәкімова

Қырғызстан Республикасының әскери делегациясы елімізге ресми сапары аясында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында болды.

Қырғызстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру бас басқармасы шақыру бөлімінің аға офицері подполковник Бекжан Нұров және Қырғызстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Жауынгерлік даярлық бас басқармасының бас маманы қызметші Қанатбек Болокбаев Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Асеновпен және "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиевпен кездесті.

Әріптестер жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастық саласын талқылады. Қонақтар үшін ҚК Әскери-тарихи мұражайына, сондай-ақ "Жас сарбаз Хаб" коворкинг-орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

Қонақтарға Жұмабек Тәшенов атындағы № 10 елордалық мектептің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары мен сыныптарындағы оқу процесі көрсетілді. Меймандар елорданың мәдени-тарихи нысандарын аралады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив