Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде «Отбасы құндылықтары» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

11-09-2023, 11:13 Думан Кенжеғазыұлы

«Абай облысы дін мәселелері зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Салауат» жастар қоғамдық бірлестігі  «Отбасы күні» форумы аясында Семей қаласындағы «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК, «Көлік колледжі» КМҚМ, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттерімен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында кездесулер өткізді. 

Кездесуді ақын Бауыржан Игілік, Қазақстан әйелдер күші альянсының мүшесі Жақан Марал, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ филология факультетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының PhD докторы Аубакирова Қарлығаш жүргізді.

Жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткен кездесулерде, студенттерге отбасы құндылықтары, салт-дәстүрлердің маңыздылығы, сыйластық жайлы дәріс оқылды. Жастар тарапынан аға ұрпаққа сауалдар қойылып, тың жауаптар алынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив