Бүгін Семейдің ең үздік әуесқой шахматшылары анықталады
Турнир бас серіктес Freedom Broker қолдауымен жүзеге асып жатқан «Шахмат керуені» республикалық жобасының аясында өтіп жатыр.
Жоба өңірлерде шахмат қозғалысын дамыту мақсатында қолға алынған. Семей – осыған дейін Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Павлодарды аралаған керуен жолындағы алтыншы қала.
Әкімдік алдындағы орталық алаңда керуеннің келуіне арналған салтанатты шара болды.
Керуеннің келуі аясында Абай облысында Қазақстан шахмат федерациясының филиалы ашылды. Оның төрағасы болып Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов сайланды.
Қазір орталық алаңдағы мобильді киіз үйде шахматтан турнир болып жатыр. Сондай-ақ мұнда гроссмейстермен бір реттік ойын сеансы ұйымдастырылады. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары сағат 15.00-де белгілі болады.