Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келі салмақта үздік бестікке енді

26-09-2023, 09:45 Жұлдызай Кәкімова

Белградта өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Абай облысының тұрғыны Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келі салмақта үздік бестікке енді. Бұл орын спортшыға 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берді.

Бозкілемге шыққан грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов әзірбайжандық палуан Ислам Аббасовты мерзімінен бұрын жеңіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды.

Нұрсұлтан Тұрсынов – 2014 жылғы Азия чемпионы және Азия чемпионатының екі дүркін күміс және қола жүлдегері. Сондай-ақ, 2023 жылдың сәуір айында Астанада өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив