Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.84 531.33 5.07

Көкпекті ауданында 2 шағын футбол алаңының құрылысы жүріп жатыр

27-09-2023, 13:55 Жұлдызай Кәкімова

Жақында Шәріптоғай мен Көкпекті ауылдарында шағын футбол алаңы салынады. Мердігер «Фортуна Груп» ЖШС ұйымы.

Бүгінде құрылыс алаңына барлық қажетті материал жеткізілді.

Қазіргі таңда аумақты тегістеу және алаңның негізін одан әрі орнату үшін қиыршық тас пен құм қабатын дайындау жұмыстары жүргізіліп, шыбықтары бар панельдерден және металл тіректерден қоршау орнатылды.

Жақын арада жабынды төсеу, ойын алаңын белгілеу, сондай-ақ тиісті жабдықтар мен қажетті коммуникацияларды орнату көзделген.

Футбол алаңының ашылуы 2023 жылдың қазан айына жоспарланған. Алаңның ашылуына орай ауылдық округтер арасында шағын футболдан турнир өткізіледі.

Анықтама үшін: Көкпекті ауданында 42 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде: 1 – дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 15 – спорт залы, 11 футбол алаңы, 3 воркаут алаңы және 12 хоккей алаңы. Бұдан бөлек, Көкпекті ауылында жүзу бассейнінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив