Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Төтенше жағдайлар департаментінде жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен талдау жүргізіледі

27-09-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен ішкі талдау жүргізеді.

Бұл туралы ТЖМ аумақтық департаментінің жеке құрамымен өткен жиын барысында айтылды.

Сондай-ақ, жиынға қатысушыларға бірқатар құқық қорғау органдарында пилоттық режимде іске асырылып жатқан «Integrity check» жобасы таныстырылды. Ол қызметкерлерді парасаттылық тұрғысында тексеруге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Превенция басқармасының басшысы Нұржан Толыбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызды аспектілері туралы айтып, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді құралдармен таныстырды.

Өз кезегінде, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатов бөлімшелерде құрылған «бақылау топтары» мен «қатер топтарында» тұратын қаржылық қиындықтарға тап болған қызметкерлермен жүргізілетін жұмыстар туралы атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив