Туризм күніне орай қалалық квест өткізілді
27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күніне орай Семей қаласында «Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ S.G.TRAVEL туристік компаниясымен бірлесіп, Абай облысы білім басқармасының «Бизнес және сервис колледжі» МКҚК «Туризм» мамандығында оқитын 3 курс студенттері арасында қалалық квест өткізілді.
Барлығы 6 адамнан тұратын 2 команда қатысты. Квест тапсырмасы бойынша: барлық тарихи жерлерді жаяу аралай отырып, тарихи орындардың, кітаптардың, авторлардың атауларын және басқа да көптеген қызықты тапсырмалардың жауабын табу болды.
2 команданың қатысушылары белсенді және білімді болып, барлық тапсырмаларды орындады.
Жеңімпаздарға S.G.TRAVEL компаниясынан естелік сыйлықтары табыс етілді.
Шараның мақсаты – қаламызды тарихи қырынан көрсету және сол арқылы студенттердің өз мамандықтары бойынша әлеуетін ашу.