Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде жерасты өткелдеріне музыкалық қондырғылар орнатылуда

2-10-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Жер асты өткелдеріне дыбыстық құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін бұл жұмыс Шәкәрім даңғылындағы жер асты өткеліне жүргізіліп, жағымды әуен ойнап тұр. Алдағы уақытта дыбыстық құрылғыларды орнату жұмыстары тағы 2 өткелде жүргізілетін болады.

Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаевтың айтуынша, дыбыстық колонкалардың сырты арнайы темір қоршаумен қоршалған.

Айта кетейік, шілде айында бұзақылар Шәкәрім даңғылындағы жерасты өткеліндегі жарықтандыруларды қолды қылған болатын.

Қазіргі таңда қаламыздағы 3 жерасты өткеліне күрделі жөндеу, 5 өткелге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткел ішіне Абай облысының туристік келбетін бейнелейтін муралдар салынып, жарықтандырулар тартылды. Барлық өткелдерге "Сергек" камералары орнатылып, полиция басқармасының баланысына берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив