Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Аягөз ауданының ауыл тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілуде

26-07-2023, 17:46 Думан Кенжеғазыұлы

25 шілде күні ақпараттық түсіндіру тобы Тарбағатай,Ақши,Қарағаш,Сарырақа ауылдық округтерінде болды.

Аягөз ауданының әкімінің тапсырмасына сай, аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы О.Кеңшіліков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж. Аманов пен мансап орталығының(бұрынғы жұмыспен қамту орталығы ) бөлім меңгерушісі А.Кананов аталған ауылдық округ тұрғындарына «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша несие беру, жастарға 2.5% жеңілдетілген несие беру, жұмыспен қамту,«Әлеуметтік Кодекс» нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аталған кездесулер барлық ауылдық округтерде жалғасын табатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив