Жоғарғы Егінсу ауылында мәдениет үйі салынады
«Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауданы, Жоғарғы Егінсу ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.
Ауылдық клуб құрылысына 341,4 млн теңге бөлінді. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, мұнда 20 адам жұмыс істейді.
Жобаны аяқтау 2024 жылға жоспарланған. Мәдениет ошағы ауыл тұрғындары үшін мәдени және тағы да басқа шараларды өткізуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік-мәдени нысан болмақ.
Анықтама үшін: Жоғарғы Егінсу ауылы Үржар өңіріндегі тірек елді мекеннің бірі. Халық саны 1375 адамды құрайды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауданындағы 11 елді мекенде 21 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда 7 жоба аяқталып, 14-інде жалғасуда.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІҚазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналғанЭкология министрі Зүлфия Сүлейменова Астанадағы су тапшылығын шешу жолдарын айттыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ