Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.91 628.87 6.6

Абай облысында жеке клиникаларға қатысты заңсыз тексерулер жүргізілген

10-10-2023, 14:22 018.kz

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мониторинг барысында денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жекеменшік клиникалар қызметіне заңсыз тексерулер жүргізу практикасын анықтады.

Тексеру және профилактикалық бақылау жөніндегі функциялар Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің құзыретіне жатады.

Осыған қарамастан, басқарма жекеменшік медициналық мекемелерді тексеру мақсатында жұмыс топтарын құрған.

Аумақтық департаменттің араласуынан кейін аталған тексерулер тоқтатылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив