Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Жылу желілері жөнделген аумақтар қалпына келтіріліп жатыр

16-10-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қазіргі таңда Семейде жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін шұңқырларды жабу, тегістеу және жол төсемдерін қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, жылу желілерін жөндеу кезінде уақытша қазылған аумақтар келісімшартқа сәйкес мердігер компаниялардың есебінен қалпына келтірілетін болады.

Сондай-ақ, Әуезов даңғылының бойындағы кеңістік және жол бөлігі толық бұрынғы қалпына келтіріледі. Бүгінде бүлінген бордюрларды алу, орнына жаңасын орнату жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, жолға асфальт төселіп, көше шамдары орнатылады. Жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив