Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде рухани келісім күніне арналған жаңа форматта дөңгелек үстел өтті

18-10-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Рухани келісім күніне арналған «Дін және қоғам» атты дөңгелек үстелге діни бірлестік басшылары, жастар ұйымдары, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев сөз сөйлеп қатысушыларды Рухани келісім күнімен құттықтады.

Отырысты Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов жүргізді. 

— Тәрбие бағытына негізделген, діни сауаттылықты арттыратын іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы еліміздің іргесінің берік болуына үлес қосарымыз анық, — деп атап өтті Нұржан Есенжолов.

Қатысушылар ауқымды тақырыпта тамыры кеңге жайылған дәстүрлі дін туралы өзекті мәселелерді қозғап, дінаралық қатынастар мен рухани келісімді нығайту мәселелерін талқылады.

Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов жастарды зиянды әдеттерден қашық болуға шақырды. 

- Жастардың діни сауатты, көзі ашық болу жолында осындай шаралардың ұйымдастырылуы аса маңызды. Сондықтан әр адам өз ұрпағына дұрыс тәрбие беріп, жеке тұлғалықты қалыптастыруы қажет, — деп бөлісті Асқар Мұқанов.

Жиын соңында қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаты мен атаулы сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив