Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Кинотеатр тарихы: Семейде «Салтанат» кинотеатры болған

13-02-2023, 11:49 Думан Кенжеғазыұлы

Бұрынғы Семей облысында 1965 жылы 600 орындық алғашқы кең форматты кинотеатр іске қосылды. 

В.Кашляктың «Семей Арабескілері» кітабында кинотеатр бастапқыда кең экран ретінде жобаланғаны, бірақ кейін смета кең форматты болып өзгертілгені атап өтілген. 

Сонымен қатар, жоба ғана емес, мәдени мекеменің атауы да өзгерді. 1965 жылы мамырда кинотеатрға алдымен «Салтанат» атауы берілді, бірақ тамызда ол «Шолпан» болып өзгертілді. Сол айда көптен күткен кинотеатр қала мен облыс тұрғындары үшін есігін айқара ашты. 

Ашылған «Шолпан» кинотеатрында «Крепостная актриса» атты алғашқы фильм көрсетілді. 

1986 жылдың көктемінде кинотеатрды қайта құру үшін, ол жабылды, ал 1994 жылдың күзінде Шолпан жұмысын тоқтатты. 1997 жылы мамырда ғимарат жеке тұлғаға сатылды. 

Руслан Шакабаев, 018.kz

Ақпарат В. Кашляктың материалдары бойынша дайындалған

Сурет: Николай Мовчан, «Прииртышье» өлкетану қоғамы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив