Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Берікбол Жұманбеков Абай облысының намысын халықаралық дәрежеде қорғап жүр

20-10-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Сәуір айында Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған кадеттер мен жастар арасында дзюдодан Азия Кубогы өтті. Онда Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша бірінші орынды иеленді. Ауқымды жарыстың күміс жүлдегерлерінің бірі, жерлесіміз Берікбол Жұманбеков болды. 

Оның айтуынша, осындай маңызды турнир медалін жеңіп алу – спортқа енді ғана қадам басқан ол үшін үлкен мәртебе.

«Жарыстардағы бәсекелестік өте үлкен. Азия Кубогында біздің басты бәсекелестеріміз Өзбекстан өкілдері болды. Дегенмен, біздің жігіттер жақсы нәтиже көрсетті», - дейді спортшы.

Азия Кубогында сәтті өнер көрсеткеннен кейін, Берікбол Грузияға Еуропа Кубогын бағындыруға аттанды. Онда ол тұғырдан көрінді.

«Еуропа кубогында да бәсекелестік жоғары болды, бірақ соған қарамастан қарсыластарды жеңе алдым. Мен грузин спортшыларын ең күшті қарсыластар деп атай аламын», - дейді Берікбол.

Мансап басталғаннан бері жас спортшы көптеген марапаттар мен медальдарға ие болды, ең бастысы - дзюдодан спорт шебері атағы. Берікбол сонымен қатар дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Загреб (Хорватия) және Халықаралық дзюдо фестивалінің жеңімпазы. Спортшының сәтті өнер көрсетуінің басты құпияларының бірі -жарыстарға мұқият дайындалуы.

«Жарысқа дайындық үнемі және мұқият өткізіліп тұрады, біздің жиындар әдетте әртүрлі қалаларда өтеді. Мұның бәрі жарыста жақсы нәтижеге жету үшін жасалады», - дейді Берікбол.

Қазіргі уақытта спортшы Теміртай қаласында. Ол 16 қарашада өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив