Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Абай облысының әкімдігі мен «Freedom Holding corp» АҚ арасында меморандумға қол қойылды

20-10-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Екіжақты келісім аймақтың тұрақты дамуына жәрдемдесу, экономикалық және әлеуметтік өсуге бағытталған стратегиялық жобаларды іске асыру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды көздейді.

Меморандумның маңызды аспектілерінің бірі – бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Келісім аясында Семей қаласында ойынды, жаттығуды, жарысты, басқа да шараларды өткізуге арналған жабық манеж және ашық алаң салынады.

«Freedom Finance» акционерлік қоғамы 13 мемлекетке қызмет көрсететін  әлемдік деңгейдегі ірі инвестициялық компания. Компания «Freedom Holding Corp» халықаралық инвестициялық тобының бөлігі және нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив