Абай облысы республика күнін атап өтуге дайындалуда
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдеріне брифинг өтіп, өңірде мерекені ұйымдастыру және қалай өтетіні туралы жан-жақты айтылды.
Мемлекеттік мерекеге дайындық жұмыстар тыңғылықты жүргізілуде. Облыста 500-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарлануда. Айдар Садырбаевтың айтуынша, іс-шаралардың барлық спектрі өңір тұрғындарының береке-бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етуге бағытталған.
Мереке күндері облыста салтанатты жиындар, концерттер, мәдени-спорттық және бұқаралық іс-шаралар жоспарланған. Орталық алаңдарда, саябақтар мен скверлерде жаппай халықтық мерекелер, жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастырылады.
24 қазанда күні Абай театрында Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның, «Тұмар» би ансамблінің, эстрадалық-симфониялық оркестрдің және басқа да ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт және салтанатты жиналыс өтеді.
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ернар Бексұлтанов өңірдегі бірқатар жоспарланған мәдени іс-шараларды атап өтті.
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі