Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Үржар ауданында 60 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

23-10-2023, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Науалы ауылында үй кезегінде әлеуметтік жағынан осал топ ретінде тұрған азаматтарға төрт пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді.

Сондай-ақ, жақын арада Үржар ауданының Ақжар ауылында 22 екі пәтерлі тұрғын үй (44 пәтер), Науалы ауылында 2 екі пәтерлі тұрғын үй (4 пәтер), Мақаншы ауылында 6 тұрғын үй (12 пәтер) пайдалануға беріледі.

Бүгінде Үржар ауданында баспана кезегінде 1205 адам тұр.

Анықтама үшін: «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында және мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауданында 2020-2022 жылдар аралығында 136 пәтер салынды. Баспана заңға сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалға берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив