Егемендік пен бірлік туралы диалог
Республика күні қарсаңында Достық үйінде «Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы декларацияны» талқылау үшін қоғам және саяси партия өкілдері бас қосты.
Жиынға Абай облысының ҚХА мүшелері, саяси партиялардың басшылары, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдері қатысты.
«Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары Арман Жемагулов қоғамдық институттардың маңыздылығын, еліміздің даму динамикасы мен болашағын құрудағы азаматтардың рөлін атап өтті.
Сондай-ақ іс-шарада Жастар Ассамблеясы жастар қозғалысының төрағасы Виктория Мокроусова қазақ халқына алғыс білдіріп, Қазақстанның қарыштап дамуы мен өркендеуін тіледі.
Достық үйінде өткен дөңгелек үстелде мерекенің шығу тарихы туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар пікір алмасу сәтінде қатысушылар естеліктерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі