Бесқарағай ауданының 70 тұрғыны баспаналы болды
Республика күні Бесқарағай ауданының тұрғындары қоныс тойын атап өтті.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Бесқарағай ауданында салтанатты жағдайда кезекте тұрған 70 отбасыларға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.
Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, ауданда тұрғын үй құрылысының қарқыны өсетінін атап өтті.
«Ағымдағы жылдың мамыр айында алты отбасына жаңа пәтердің кілттері табысталды. Бүгін тек аудан орталығында 44 отбасы пәтер кілтін алып, баспана алды. Жаңа қоныстанушыларды осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!»,- деді аудан әкімі.
Қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде 276 отбасы тіркелген. 2020 жылдан 2022 жылға дейін іске асырылған мемлекеттік бағдарлама аясында 64 пәтер Бесқарағайдың тұрғын үй кезегіндегі отбасыларына берілді.
Тағыда оқыңыз
Сайлау қорытындысы: Семей қалалық мәслихатына кімдер өтті?АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ