Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Менің сайлауалды бағдарламам жұмысымның күн тәртібіне айналмақ - Дариға Абайқызы

26-10-2023, 11:31 018.kz

Құрметті жерлестер!

Мен саясатқа, мәслихат депутаттығына билік пен мансап үшін бара жатқан жоқпын. Көпшілік депутат болу мәртебе, үлкен ақша мен мансап деп қателеседі. Мәслихат депутаттары тіпті жалақы да алмайды. 

Депутат – халық пен биліктің арасындағы байланыс, сондықтан қала мен округтің мәселелерін біліп, бүкпесіз ашық көтере білуі керек.

Жалпы, депутаттар қаламыздың өміріне қатысты барлық маңызды шешімдерге ықпал ете алады. 

Мен ұлттық құндылық, мәдени даму, өнерпаз жастарды қолдау, әр тұрғынға қолжетімді мәдени нысандарды көптеп ашу сияқты рухани маңызы бар мәселелерді көтеруден ешқашан жалықпаймын. 

Бірақ сайлауалды бағдарламамда тұрғындарды мазалаған барлық түйткілді тақырыптарды қамтуға тырыстым: әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық. 

Әлеуметтік осал топтарға да қамқорлық қажет. Оларға қолдау көрсетіп қана қоймай, еңбекке баулу тетіктерін ойластыру керек. Өз басым аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолымнан келгенше көмектесіп тұрамын.

19 округ – әл-ауқаты қарама-қайшы аймақтардан құралған. Бір шетінде іскер адамдар тұрса, екінші шеті түйіні шешілмеген түйткілдерге толы. Мен олармен кездестім. Өкпе-наздарын тыңдадым. 

Менің жұмысыма байланысты күн сайын түрлі санаттағы адамдармен кездесіп, қызмет көрсетемін. Сайлау науқаны басталғалы бері бірнеше аз қамтылған отбасымен, жүйесіз құрылыстың құрбаны болған тұрғындармен тікелей кездестім. 

Депутат болған жағдайда осы мәселелер назарға алынып, жұмысымның күн тәртібіне айналмақ. 

29 қазан күні өтетін сайлауға белсенді қатысыңыздар, маған дауыс беріңіздер!

* №19 бірмандатты сайлау округі бойынша AMANAT партиясынан Семей қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Дариға Абайқызының сайлау қорынан төленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив