Кандидат Дариға Абайқызы «Amanat» партиясының штабында қоғамдық қабылдау өткізді
Бүгін №19 аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық маслихат депутаттығына кандидат Дариға Абайқызы «Amanat» партиясының штабында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келуші тұрғындар әлеуметтік, жұмыспен қамту және кәсібін дөңгелетуге қатысты өтініштерін білдірді.
Жастардың жұмысқа орналасу кезінде кездесетін басты проблема – тәжірибенің жоқтығы. Қазір жұмыссыз жастар үшін көптеген шаралар, атап айтатын болсақ, тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар», «Алғашқы жұмыс орны, «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орындары» сынды жобаларымен таныстырды.
* №19 бірмандатты сайлау округі бойынша AMANAT партиясынан Семей қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Дариға Абайқызының сайлау қорынан төленді.