Абай облысының ардагерлері 2023 жылдың жұмысын қорытындылады
Гарнизондық офицерлер үйінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың қатысуымен ардагерлер кеңесінің есепті жиыны өтті. Жиынға әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары, ардагерлер және алғашқы әскери дайындық пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Есепті жиын барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердікенов 2023 жылда ардагерлердің қатысуымен өткен іс шаралар бойынша есеп берді. Аталған кезеңде ардагерлердің қатысуымен әскери-патриоттық бағытта 1000 астам іс шара өткізілген, сонымен қатар ардагерлер әскери бөлімдердегі жас толымды тәрбиелеуге де ат салысуда.
Есепті кездесу аяғында ардагерлермен келер 2024 жылға жоспарлар талқыланып, жоспарға толықтырулар енгізілді. Шара соңында қолбасшыға әскери-патриоттық клубтардың жетістіктері мен жүлделі орындары көрсетілді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі