Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

«FORTE TRIO» гастрольдері Вашингтонда сәтті өтті

28-10-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солистері Вашингтон қаласында өнер көрсетті. «FORTE TRIO» мемлекеттік триосының гастрольдерін Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі Республика күнін мерекелеу аясында ұйымдастырды.

«FORTE TRIO» «The Renwick Gallery» өнер мұражайында концерт берді. Онда қазақстандық және американдық композиторлардың шығармалары, Қазақстан мен АҚШ әнұрандары шырқалды.

Бір күннен кейін шығармашылық топ Вашингтондағы ең көне фортепиано клубында өнер көрсетті. Қонақтарға «Япурай» және «Көроғлы» қазақ халық шығармалары, «G-moll фортепиано триосы» (Б. Сметан), «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдерінен» «Күз» және «Көктем» танго фрагментері (А. Пьяццолла) және «Дамы в лиловом» (Н.Хесс) шығармалары ұсынылды.

«FORTE TRIO» - бүкіл әлем бойынша белсенді түрде концерт беретін ең үлкен сұранысқа ие камералық ансамбльдердің бірі. Қазақстандық ұжымның концерттері Францияда, Люксембургте, АҚШ-та, Италияда, Германияда және т.б. өтуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив