Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Замандарды жалғастырған заңғар: кітап көрмесі

26-02-2023, 12:44 Думан Кенжеғазыұлы

Абай атындағы кітапханада  кітапхана қызметкерлері Мұрат Әуезовтің 80 жасқа толуына орай «Замандарды жалғастырған заңғар» атты кең көлемді  кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мәдениеттанушы ғалымның ерен еңбегін, еліміздің дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа үлгі ету, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеден «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан Мұрат Әуезов, 1972 жылы жарық көрген «Времен связующая нить», 2018 жылы жарияланған «Ділім» кітаптары мен автордың әр жылдары мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалары орын алды.

Көрмемен таныстыру барысында асылдың сынығы, әке тәрбиесін бойына сіңіріп өскен ұлы жазушы перзентінің өмірі, қызметтік жолы, шығармашылығы, сапары жайлы айтылды. «Ділім» атты кітабына енген автордың отбасы, әр жылдардағы мақалалары, түрлі басылымдарға берген сұхбаттары, халықаралық және республикалық конференцияларда жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері, айтқан ой-пікірлері  жайында кеңінен ақпараттар берілді.  Еліміздің кино өнері мен телевизиясының дамуына қосқан елеулі үлесі жайлы баяндалды.  Қаламгердің «Времен связующая нить», «Иппокрена. Хождения к колодцам времен», «Уйти, чтобы вернуться», «Главпочтампт» еңбектері мен көркемдік процестің теориясы мен тәжірибесі бойынша жазған  жарияланымдардың мазмұны жайында ақпараттар ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив