Философ, ғалым, ABU профессоры Махмұт Түйебаев Республика күнімен құттықтады
Философ, ғалым, ABU профессоры Махмұт Түйебаев өңір тұрғындарын 25 қазан — Республика күнімен құттықтады.
«Міне бүгін сіздермен біз халқымыздың, еліміздің, мемлекетіміздің тарихындағы ең маңызды мереке – Республика күнін атап отырмыз. Республика күні – тарихы тереңде жатқан жалпы қазақ мемлекетінің, қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы маңызы орындалатын саяси әлеуметтік барлық құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Осы тәуелсіздіктің ширақ 30 жылдан астам уақытында еліміз көркейіп, әлемдік қауымдастықта өз орнын тапқан ірі елдердің бірі болып отыр. Қоғамдық құрылысы әртүрлі, 200-ден астам мемлекеттердің ішінде Еуразия комитетіндегі, геосаясатта, әлемдік саясатта өз орны бар. Экономикалық дамуы белгілі бір деңгейде жез терлеткен орталық Азия елдеріндегі жетекші мемлекеттердің қатарына қосылып отыр. Әлемдік саясатта еліміздің араласпайтын саласы жоқ деп айтуға болады. Жалпы Республика күні мынау еліміздің егеміндегі қазақ еліне не берді дегенде, біз халықаралық деңгейдіге ұйымдарға, нақтылап айтқанда, БҰҰ-ның толыққанды мүшесіміз. Халқаралық еңбек бөлінісінде өзіндік орны бар мемлекетке айналдық. Тәуелсіздік басты мереке. Сол тәуелсіздік көрінісі – Республика күні болып табылады. Құрметті отандастар, бүгінгі мерекеміз құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі ол бүгінгі ҚР президенті Қ.Тоқаевтың кемеңгерлік саясатының арқасында деп айтуға болады. Тағы да, отандастар, мереке құтты болсын!», - деді ол.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіАнықтамаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзіШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!